jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда алдағы күндері 8 градусқа дейін аяз күтіледі

Қырау басқан шырша
Қырау басқан шырша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы күндері Қазақстанда синоптиктер жаңбыр жауып, ауа температурасы -8°С-қа дейін төмендейді деп болжап отыр. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды болады, солтүстік-батыстың қиыр шетінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасы түнде 0-12°С-қа дейін, күндіз 10-20°С-қа дейін төмендейді, солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде мұнда термометрлер түнде 0..-8 °С аязға дейін, күндіз 5-13°С-қа дейін төмендедеуі күтіледі, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.

Қазақстанда алдағы күндері 8 градусқа дейін аяз күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.