Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жасөспірім зорлық жасады деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында жасөспірім зорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

"Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарда.

Ведомство мәліметінше, күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Барлық жағдай анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090447-turkistan-oblysynda-zhasospirim-zorlyq-zhasady-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel