Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды

Опубликовано:

Ақша ұстап тұрған ер адам
Ақша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы парақшасында хабарланды.

Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, биылғы 17 қаңтарда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахманова жемқорлық үшін 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090477-almaty-oblysynda-sudia-men-sot-pristavy-zhemqorlyq-ushin-sottaldy/

pixel