Прокуратура Бишімбаевтың Байжановқа қысым көрсету фактісін растамады
Жарияланған күні:
Прокуратура Бишімбаевтың Байжановқа қысым көрсету фактісін растаған жоқ. Бұл бүгінгі сот отырысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін "Гастроорталық" директоры Бақытжан Байжанов сотта, оның сөзінше, тергеу изоляторында қысым жасалғанын айтқан болатын. Байжанов сол кезде "ол кездесулер камералар бар жерде өткенін, онда жазбалар бар екенін, оны қалпына келтіруге болатынын" айтқан еді.
"Бауыржан Мусин маған төрт рет келді. Мені камерадан сүйреп шығарды, оған бардым, жанында Бишімбаев тұрды. Ол кездесу ұйымдастырмақ болған. Мен бірден бұрылып, кетіп қалдым. Әкімшілікке енді маған келмеуін айттым, өйткені оны мен де, қорғаушым да сұраған жоқ.
Бірақ сонда да 2-3 рет келіп, мені Салтанаттың отбасына қарсы қоюға тырысатын. Бауыржан Мусиннің кім екенін білмеймін. Оны жұрттың бәрі қоғам белсендісі дейді", - деді сотталушы.
Сотталушы Байжановтың осы сөзінен кейін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тексеріс жүргізілетінін хабарлады.
Ал бүгін судья Бишімбаевтың Байжановқа қысым көрсету фактісін прокуратура растамағанын айтты.
"Сот Байжановтың уәжін тексеру туралы қаулы шығарды, оған байланысты Астана қаласының прокуратурасынан Байжановтың уәжі расталмағаны туралы жауап келді", - деді судья.
Айта кетейік, бүгінгі сотта Бишімбаев пен Байжанов сотта тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындамайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090537-prokuratura-bishimbaevtyng-baizhanovqa-qysym-korsetu-faktisin-rastamady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.