Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: тараптар енді жарыссөзге дайындалады
Жарияланған күні:
Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Судья Айжан Құлбаева жарыссөз күнін белгіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгінгі сот отырысында судья тараптардың көзқарасын білген соң жарыссөз 29 сәуірде өтетінін мәлім етті.
"Сот сот тергеуі аяқталғанын мәлімдейді және тараптарға 2024 жылғы 29 сәуірге дейін сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі. 29 сәуірде сот отырысы жалғасып, сот жарыссөзі басталады", - деп хабарлады судья Айжан Құлбаева.
Судья тараптарға жарыссөзге дайындалуға уақыт берілетінін жеткізді.
Айта кету керек, дайындақ мерзімін ұзарту және айыпталушылармен талқылап алу үшін сотталушылардың қорғаушылары жарыссөз күнін 30 сәуірге бекітуді сұраған болатын. Олардың бұл өтінішін судья қанағаттырған жоқ. Осылайша жарыссөз 29 және 30 сәуірде, сондай-ақ 3 және 3 мамырда өтпек. Жарыссөз 4 мамырда да жалғасын табуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090540-bishimbaev-isi-boiynsha-sot-tergeui-aiaqtaldy-taraptar-endi-zharyssozge-daiyndalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.