Алматыда дауылдың кесірінен 10 балдық көлік кептелісі тіркелді
Жарияланған күні:
Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 балдық көлік кептелісі пайда болды. Бүгін мегаполисте нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, қатты дауыл тұрды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2GIS қосымшасындағы картаға қарағанда, қазір Алматыдағы кептелістер 10 балды көрсетіп тұр.
Айта кетейік, Алматыда синоптиктер ескерткендей, қатты жел тұрып, жаңбыр жауды. Оңтүстік астанада ауа райы түстен бастап құбылды.
Ал 17:00-ден кейін қалада күн күркіреп, жел күшейе түсті. Қала тұрғындары бөліскен кадрлардан кей жерде бұршақ жауғанын байқауға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090570-almatyda-dauyldyng-kesirinen-10-baldyq-kolik-keptelisi-tirkeldi/