Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы автобус апаты: марқұмның жесірі оқиғаға жүргізушіні кінәлады

Жарияланған күні:

Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер
Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер. Фото: @kris_p_alm

Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың бірінің жесірі Айнұр Құсайынова бүгін сотта сөз алды. Ол апатқа жүргізуші Ермек Шөкебаева кінәлі деп есептейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сот отырысында Ермек Шөкебаева Айнұр Құсайыноваға сұрақ қойғысы келген, алайда ол оны тоқтатып тастап, "Маған сұрақ қоятындай сен кім едің?" деді. Кейін сот жәбірленушіге сұрақ қоюға рұқсат берді.

"Соттың осымен алтыншы отырысы өтті, барлық сұрағыңызды маған қойып, "100 теңге үшін", "100 теңге үшін!" деп жатырсыз. Бірақ айыпталушыдан неге мені ұрғанын сұрамадыңыз. Оқиға соның кесірінен болды ғой! Неге өзінен сұрамайсыз? Мені айыптап жатырсыз! Ауыр тиетіні де осы", - деді істе жәбірленуші деп танылған жүргізуші.

Айнұр Құсайынова жүргізуші автобусқа жауапты екенін айтып, жауап қатты.

"Жарайды, саған жауап берейін. Себебі сен – жүргізушісің, осы автобусқа жауаптысың. Бірінші кезекте сен бұл жағдайға жол бермеуің керек еді. Сенің кесіріңнен үш адам өліп, жеті бала жетім қалды!" - деді ол.

Алматыдағы автобус апаты

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кеткен болатын. Кейін полиция өкілдері автобус жолаушысы жүргізуші әйелді соғып, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын, бұл жол-көлік апатына әкеп соқтырғанын хабарлады. Салдарынан автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті.

Оқиғадан 7 адам зардап шекті, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болды. Төрт адам ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде 15 жастағы бала болған.

Бұл оқиғадан соң шабуыл жасады деген күдікті ұсталып, кейін 2 айға қамауға алынды.

Кейін жүргізушіні ұрған жолаушыға қатысты сот басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090600-almatydagy-avtobus-apaty-marqumnyng-zhesiri-oqigaga-zhurgizushini-kinalady/