Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы автобус апаты: қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған жолаушы қамалды

Опубликовано:

Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер
Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Алматыдағы Райымбек даңғылында бір топ адамды басып кеткен автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ПД өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

"Автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) және 351-бабы (екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты.

Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 15 жастағы бала бары айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052232-almatydagy-avtobus-apaty-qogamdyq-kolik-zurgizusisin-urgan-zolausy-qamaldy/

pixel