Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары өмірден өтті

Опубликовано:

Медет Бердімұратов
Медет Бердімұратов. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабар Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты", - делінген хабарда.

Ведомствоның мәліметінше, марқұм Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090711-shygys-qazaqstan-oblysy-pd-bastygynyng-orynbasary-omirden-otti/

pixel