Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБатыс Қазақстандағы Жайық өзенінде су деңгейі біртіндеп төмендей бастады. Облыста кейінгі тәулікте үйлерді су басу жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының су басқан аудандарында полиция мен құтқарушылар аумақтарды тексеріп, үйде қалып қойған тұрғындарды іздеуді жалғастыруда. Орал қаласының айналасында бөгеттер салынып жатыр.
Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.
Қазірдің өзінде 30 мыңнан астам адам үйіне оралды. Бірақ әлі де эвакуация пункттерінде тұрып жатқандар да бар – олардың саны 8,5 мың адам, оның 3718-і балалар.
Төтенше жағдайлар министрлігі бүгінгі таңда су басқан аумақтарда 11,5 миллион текше метрден астам еріген су сорылды деп хабарлады. Тұрғын үйлерді қорғау үшін 5,5 млннан астам құм қапшықтары мен 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
"Шұғыл желіге 2205 қоңырау келіп түсті. Барлығы 32 мыңнан астам адам, 4 мың техника, 773 су сору техникасы, 294 су көлігі және 13 ұшақ апаттық-құтқару және су тасқынын жою жұмыстарына жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090726-zhaiyq-ozenindegi-su-denggeii-tomendei-bastady/