Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды

Опубликовано:

Ақтаулық отбасы
Ақтаулық отбасы. Фото: Instagram/ kenbaeva_a

Ақтауда әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды. Қуанышты жаңалықты жаңа босанған келіншектің келіні Айжамал Кенбаева өз Instagram парақшасында бөлісті.

Ал әйелдің екінші келіні Ырысгүл Базарханның айтуынша, ата-енесі қызды 23 жыл аңсап күткен. Олар нәрестеге Айсәуле есімін берген.

"Аллаға шүкір дегеннен артық не жазамын? Қандай әдемі көрініс. Жұбайы, 4 ұлы, енесі мен 2 келіні бұлай шығарып алу үлкен бақыт қой. Атам 101 раушаны мен ұлдары бір-бір құшақ гүлден сыйлағаны қандай...

Көз тимесін, бәріңіздің үйіңізде осындай той болсын", - деп жазды Айжамал өз парақшасында.

Желі қолданушылары ақтаулық келіншектің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Енесі бақытты шығар", 4 ұлдан кейін қыз тәтті ғой", "Бақыт деген осы ғой", "Керемет, көз тоймайды", "Тіл-көзден сақтасын" деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091314-aqtauda-aieldi-perzenthanadan-kuieui-men-enesi-4-uly-men-2-kelini-shygaryp-aldy-video/

pixel