Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да еріктілер туралы жалған видео жариялаған тұрғын жазаланды

Опубликовано:

Ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда тәртіп сақшылары TikTok желісінде жосықсыз еріктілер туралы түсірілген фейктің авторын анықтады. Оған жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жарияланған ақпарат бойынша, Петропавл полициясына TikTok желісінде су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген гуманитарлық жүк түсіріліп жатқанын көрсететін видео жарияланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Видео авторы еріктілер ұрлық жасап жатыр деген", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді – ұрлық расталмады.

"Тәртіп сақшылары жазба авторын анықтады. Ол облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол расында жүк түсіру сәтін смартфонына түсіріп алғанын түсіндірді, бірақ еріктілерден жұмыстың мән-жайын, уақытын және егжей-тегжейін сұрамастан, видеоны әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Кейін ол видеоны өшіріп тастады", - деп полицейлер.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейтін тексерілмеген ақпаратты таратуға қатысты жиналған материалдар сотқа жолданып, ал бүгін құқықбұзушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091386-sqo-da-eriktiler-turaly-zhalgan-video-zhariialagan-turgyn-zhazalandy/

pixel