Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp желісіндегі жарнаманың кесірінен қазақстандықтар 62 млн теңгесінен айырылған

Опубликовано:

Әйел ұялы телефонын қарап тұр
Смартфон. Көрнекі фото: Maskot/Getty Images

Астана тұрғыны 62 миллион теңге көлеміндегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта алаяқтықтан 32 адам зардап шеккен белгілі болып отыр, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 сәуірде Астана қаласының тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызбен Қосшы полиция бөліміне хабарласқан.

"Елорда тұрғыны осы жылдың наурыз айында жалпы WhatsApp мессенджеріндегі топтардың бірінде бейтаныс әйел жиһаздар мен қымбат ыдыстарды арзан бағамен сатамын деген желеумен 400 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алғанын айтты", - деп нақтылады Ақмола облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын алаяқтық бойынша істі болған 32 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Полиция бөлімі бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

"Қазір күдіктінің әрекетінен зардап шеккен тағы 32 адам полицияға жүгінді, келтірілген шығынның жалпы сомасы – 62 миллион теңге", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Полиция департаменті әлеуметтік желілер арқылы қандай да бір зат сатып алған кезде міндетті түрде сатушыдан тауардың бар-жоғын тексеруге, келісімнің егжей-тегжейлерін бейнеконференция арқылы талқылауға және тауарды қабылдап, тексергеннен кейін ғана төлем жасауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091665-whatsapp-zhelisindegi-zharnamanyng-kesirinen-qazaqstandyqtar-62-mln-tenggesinen-aiyrylgan/

pixel