Су тасқыны: мемлекет зардап шеккен қанша отбасына көмек көрсетті
Жарияланған күні:
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 12 мыңнан астам отбасы мемлекет есебінен көмек алды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Үкімет ақпараты бойынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың өзге де бірқатар облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Қазіргі уақытта 21 658 өтінім қабылданған.
"Биылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн астам теңге бөлінді.
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасына қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілген.
"Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі", - деп жазды үкімет баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091731-su-tasqyny-memleket-zardap-shekken-qansha-otbasyna-komek-korsetti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.