Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құтқарушылар өрт шыққан үйде жарылыстың алдын алды

Опубликовано:

Газ баллондары
Газ баллондары. Оқиға орнынан жасалған сурет: Фото: ТЖД Алматы

Алматыда құтқарушылар тұрғын үйдегі газ баллондарының жарылуының алдын алды. Өрт 31 минут ішінде оқшауланды, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы ТЖД қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 сәуір күні сағат 12:20-да жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарламадан кейін ТЖД қызметінің күштері мен құралдары Медеу ауданындағы Оренбург көшесіне жөнелтілді.

"Алғашқы бөлімшелер келіп жеткеннен кейін арада 7 минут өткенде М. Шоқай көшесіндегі қосалқы ғимараттың шатырынан шыққан өрттің Орынбор көшесіндегі екі қабатты жеке үйдің шатырына жайылғаны, ауданы 200 шаршы метр болғаны анықталды.

Барлау және сөндіру кезінде газ баллондары эвакуацияланып, жарылыс қаупінің алды алынды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт 31 минутта сөндірілгені хабарланды. Өрт сағат 13:23-те сөндірілді.

26 сәуір күні сағат 13:27-дегі жағдай бойынша төтенше жағдай орнында жұмыстар жалғасуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы, 10 техника, сондай-ақ қалалық өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда автобус өртенді. Төтенше жағдай Жетісу ауданында, Райымбек даңғылы мен Сүйінбай даңғылының қиылысында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091800-almatyda-ortke-orangan-uide-zharylystyng-aldy-alyndy/

pixel