Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды

Опубликовано:

Қару
Қару ұстаған адам. Көрнекі сурет: Александр Поташев / Getty Images

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан қылмыстық топ сотталды. Олар 68 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыс прокуратурасының ресми сайтындағы ақпарат бойынша, 2024 жылғы 23 сәуірде ұйымдасқан қылмыс тобы құрамында заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты үкім заңды күшіне енді (Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1, 2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы).


"Сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәсін мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген", - делінеді прокуратура хабарламасында.


Соған қарамастан, мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді.

Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091902-sqo-da-zangsyz-angshylyqpen-ainalysqan-uiymdasqan-qylmys-top-sottaldy/

pixel