Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Семей орманы" резерватындағы өрттің себебі анықталды (фото)

Опубликовано:

Семей резерваты
Семей резерваты. Фото: Абай облысының әкімдігі

26 сәуірде Абай облысы Бородулиха ауданында орманда өрт шығып, дер кезінде сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облысы әкімдігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Өрттің шығуына құрғақ ағашқа жоғары вольтті электр желісінің құлауы себеп болды", - делінген Абай облысы әкімдігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман өрті шықты. Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы нақтыланып жатыр.

Кейінірек сағат 15:04-те 0.22 га аумақты қамтыған қызыл жалын оқшауланғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091908-semei-ormany-rezervatyndagy-ortting-sebebi-anyqtaldy/

pixel