Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істеуге мұрша бермейді": Павлодар облысында ауыл әкімі тұрғындар аңдығанын айтып шағымданған

Опубликовано:

Марат Қожымов
Марат Қожымов. Фото: gov.kz

Павлодар облысындағы ауыл әкімі тұрғындар аңдып, күн көрсетпейтінін айтып шағымданған. Тіпті кейбір белсенділер оның әйелін де аңдитынды шығарған көрінеді. Бұған мемлекеттік қызметкердің жөнсіз қылығы себеп екен, ол Әдеп жөніндегі кеңесте түсіндіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары Instagram желісінде жарияланған видеоны бақылауға алған.

Видео авторы полициядан қызметтік көлігінде мемлекеттік нөмірі жоқ Шарбақты ауылдық округінің әкімі Марат Қожымовты жазалауды сұраған. Бұл оқиғадан соң шенеунікке айыппұл салыныпты.

Әдеп жөніндегі кеңес әкімнің әрекеті тексеріліп жатқанын айтты. Ол бұдан былай шыдай алмайтынын, себебі ауылдың "кейбір пысықай тұрғындары" оны аңдуға кіріскенін айтты.

"Олар мені үнемі қадағалайды. Жұмыс істеуге мұрша бермейді. Үнемі арыз жазады, сол үшін полиция бөлімшесінде отырғаның. Олар мені үнемі аңдиды. Бүгін, міне отбасымды, әйелімді аңди бастады. Қыр соңынан қалмай аңдиды, үйіме келіп, көлікті суретке түсіреді", - деп түсіндірді Марат Қожымов.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әкімді тыңдаған соң халықпен мұндай әңгіме жүргізу орынсыз деген шешімге келді. Оған қатаң сөгіс жарияланып, кеңес берілген.

"Менің ойымша, бұл сізге болашақта сабақ болады. Бұдан былай стреске төзімді болып, қызмет көрсетуде машығыңызды жетілдіруіңіз керек", - деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Ержан Қарымсақов.

Айтпақшы, шенеунік көлікте мемлекеттік нөмірі не себепті жоқ болғанын да түсіндіріпті. Оның айтуынша, өзі су тасқынына қарсы іс-шаралармен айналысқан және сол уақытта жоғалтып алған болуы мүмкін.

Шарбақты ауылдық округі әкімінің ресми сайтында хабарланғандай, Марат Қожымов 2010 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 2006 жылы Шарбақты ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бухгалтері болып бастаған.
  • 2007 жылдан 2009 жылға дейін Шарбақты ауданының қаржы бөлімінің әдіскері, кейін инспекторы, 2009 жылдың қараша айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін осы бөлімнің бас маманы.
  • 2011 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың 6 сәуіріне дейін Шарбақты ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
  • 2018 жылғы 9 сәуірден бастап Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің әкімі.
  • 2022 жылғы 13 наурызда Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.
  • 2024 жылғы 7 ақпаннан бастап Шарбақты ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091935-zhumys-isteuge-mursha-bermeidi-pavlodar-oblysynda-auyl-akimi-auyl-turgyndary-angdyganyn-aityp-shagymdangan/

pixel