Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шенеуніктің туысымын деп танысқан": арзанға көлік ұсынып, жұртты алдаған елордалық сотталды

Жарияланған күні:

Автокөлік
Автокөлік. Көрнекі сурет: pexels.com

Астанада өзін шенеуніктің туысымын деп таныстырып, азаматтарды алдаған ер адам сотталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 37 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды елорда прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Астана тұрғыны аса ірі көлемде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

"Қылмыскер өзін жоғары лауазымды шенеуніктің туысы ретінде таныстыра отырып, жәбірленушілерге қаржы ұйымынан есептен шығарылған, өкілдік санаттағы автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.

Осылайша, сотталған жәбірленушілердің 37 млн теңгеден астам қаражатын иемденген", - делінген хабарламада.

Сотталғанның бастапқыдан автокөліктерді сатып алу ниеті болмағаны, ол өзінің нұсқасын жәбірленушілерден барынша пайда алу үшін ойлап тапқаны мемлекеттік айыптаушымен дәлелденді.

Қала тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

"Аталған алаяқтық жағдайларды болдырмас үшін сатуды жүзеге асыратын ресми ұйымдарға тікелей жүгіну қажет екенін ескертеміз", - деді Астана прокуратурасынан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық – алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықтарды иемдену екенін атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091953-sheneunikting-tuysymyn-dep-tanysqan-arzanga-kolik-usynyp-zhurtty-aldagan-elordalyq-sottaldy/