Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үш адам қаза болған автобус апаты: сотталушыға қатысты үкім шықты

Жарияланған күні:

Апат орны
Апат орны: NUR.KZ/Юлия Абрамова

26 сәуірде Алматыда үш адам қаза тапқан автобусқа қатысты оқиғаға қатысты сот үкімі шықты. Жүргізушіні соғып жіберген ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ер адамға екі бап бойынша айып тағылды:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық";
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу".

Сотталушының кінәсі заттай айғақтармен, сараптама қорытындысымен және бейнебақылау камерасындағы бейнематериалдармен дәлелденді.

26 сәуірде судья үкім шығарды. Сот шешімі бойынша, Дархан Ахметжанов абайсызда 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан бұзақылық және көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленуші К.-ның пайдасына 6 397 250 теңге материалдық шығынды және 5 000 000 теңге моральдық шығынды өндіру туралы қаулы қабылданды.

Ал жәбірленуші Б.-ның пайдасына 10 000 000 теңге моральдық шығын өндірілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091959-almatydagy-avtobus-apaty-sottalushyga-ukim-shyqty/