Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы "маньяк" туралы ақпаратқа полиция түсініктеме берді

Опубликовано:

Кісенделген азамат
Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы "маньяк" туралы ақпарат тараған. Өңірлік полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында осыған қатысты түсініктеме берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Восточный кентіндегі "маньякқа" қатысты WhatsApp чаттарында таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - деп мәлімдеді өңірлік полция департаменті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша Көрінеу жалған ақпарат тарату арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату - 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 400сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – 3000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092058-abai-oblysyndagy-maniak-turaly-aqparatqa-politsiia-tusinikteme-berdi/

pixel