Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 млн теңгеден астам ақша алған": Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семейде темір жол қызметкерлерін бопсалаған блогерге сот үкімі шықты. 34 жастағы азамат 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғын 2 жыл бойы жолсеріктерді қорқытып-үркітіп, өзінің қалтасын қампайтып отырған. Ол Семей арқылы қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын бейнематериалдарды түсірумен айналысқан. Кейін өзін "Блогер" және "Қоғам қайраткері" ретінде таныстырып, "Әлеуметтік желіге жариялаймын" деп қорқытқан. Осыдан үрейі ұшқандар бейнематериалдарды жою үшін ақша беруге мәжбүр болған.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, бопсалаушы блогер 2 жылда 10 млн теңгеден астам ақша алғаны анықталған. Оның жымысқы әрекетінен 25 жолсерік зардап шекті. Кінәсі толық дәлелденген блогер енді 3,5 жыл түрмеде отырып, жәбірленушілердің шығынын толық өтеуге міндеттелді.

"Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жаза ауыр жазаға сіңіріп, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің орта, орташа қауіпсіздік мекемесінде өтелсін. Жаза мерзімі үкім заңды күшіне енгеннен кейін есептелсін", - деді Семей қаласының №2 сотының судьясы Ержан Әубакіров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092085-10-mln-tenggeden-astam-aqsha-algan-semeide-zholserikterdi-bopsalagan-bloger-sottaldy/

pixel