Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда интернет арқылы танысқан қыз ер адамның телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Опубликовано:

Ұялы телефон ұстаған ару. Көрнекі фото
Ұялы телефон ұстаған ару. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда интернет арқылы танысқан қыз ер адамның телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген. Ол ұялы телефондағы қосымша арқылы 57 мың теңге қаражатты өз есепшотына аударып та үлгерген. Қазіргі уақытта полиция іс қозғап, сотқа бағыттады, деп жазады ҚазАқпарат.

Павлодар қаласында тұратын ер азамат интернетте танысқан қызды үйіне қонаққа шақырған. Екеуі уақытты көңілді өткізіп, соңынан қызды шығарып салған. Алайда қонағы кеткен соң жігіт үйінде тұрған ұялы телефонын таппай қалған. Полиция қыздың жеке басы мен орналасқан жерін анықтап, қолға түсірді.

"Қыз уақытын текке өткізбеген. Ол ұсталғанға дейін телефондағы мобильді қосымшаға кіріп, ондағы 57 мың теңгені өзіне аударып алған. Одан соң смартфонды ломбардқа тапсырған. Түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092112-pavlodarda-internet-arqyly-tanysqan-qyz-er-adamnyng-telefonyn-urlap-lombardqa-otkizip-zhibergen/

pixel