Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жоғалған екі азамат өлі күйінде табылды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Фото: Ырғыз аудандық ПБ/ diapazon.kz

Қазақстанда жоғалған екі азамат өлі күйінде табылды. Жетісу және Ақтөбе облысында мал қарауға шыққан қос азамат жақындарымен мүлде байланыс үзген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

NUR.KZ тілшісіне Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 сәуір күні Көксу аудандық полиция бөліміне Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны келіп, ұлы жоғалғанын айтқан.

Оның сөзінше, 29 жастағы жігіт мал қарауға шығып, қайта оралмаған. Із-түзсіз жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына аудандық полицияның жеке құрамы мен жергілікті тұрғындар, еріктілер жұмылдырылды.

"Дәл сол күні жоғалған азаматтың жылқысы Ескелді ауданы Жаңалық ауылында анықталды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрған соң іздеу жұмыстарына өңірлік ТЖД құтқарушылары қосылды", - деді өңірлік ТЖД құтқарушылары.

27 сәуір күні іздестіру шаралары барысында жігіт Көксу өзенінен қлі күйінде табылған. Оның денесінде азаптау белгілері болмаған.

"Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді өңірлік ПД бастығының орынбасары Елдар Әбікенов.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында 37 жастағы азамат та өлі күйінде табылды, деп жазады "Диапозон" басылымы. Жақындарының айтуынша, ол Қарақоға елдімекеніне мал қарау үшін жылқымен кетіп, қайта оралмаған. Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар оны іздеуге атсалысқан.

"26 сәуір күні Ырғыз өзенінен ер адамның азаптау белгілері жоқ денесі табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзеннің бұл бөлігі су басу аймағында болған жоқ" , - деді Ырғыз аудандық полиция бөлімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092220-qazaqstanda-zhogalgan-eki-azamat-oli-kuiinde-tabyldy/