Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен адамдардың атынан несие рәсімдей бастаған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақшасы мен карта ұстаған алаяқ
Ақшасы мен карта ұстаған алаяқ. Көрнекі фото: Freepik/jcomp

Тәртіп сақшылары алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетеміз деп уәде беріп, олардың атынан несие рәсімдеп жатқанын айтты. Осыған байланысты полиция азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының полициясы алаяқтардың мемлекеттен төлем жасаймыз деген желеумен су тасқынынан зардап шеккендерге телефон соға бастағанын хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, алаяқтар өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, тәртіп сақшысы немесе ерікті деп таныстырып, SMS-кодты айтуды сұрайды.

Мұндай фактілер Қазақстанның бірнеше өңірінде анықталған.

"Сіздерден олардың айласына түспеуді сұраймыз, бейтаныс нөмірлерден түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіздер, SMS-кодты айтпаңыздар. Сіздің ақшаңыз сіздің қолыңызда", - деді полиция қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, биыл су тасқыны режиміне байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жергілікті төтенше жағдай жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092661-alaiaqtar-su-tasqynynan-zardap-shekken-adamdardyng-atynan-nesie-rasimdei-bastagan/