Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 км астам бөгет салынды": ТЖМ Жайық өзеніндегі жағдай туралы айтты

Опубликовано:

Жайық жағалауы
Жайық жағалауы. Фото: t.me/oper_shtab_06

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жайық өзеніндегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 км астам бөгет салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су сорылды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазақстан бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды. 6726 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан.

Су тасқыны басталғаннан бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7 млн астам қапшық пен 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Бұған дейін Алматыдан, Қарағанды облысынан Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған Қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылған еді.

Сондай-ақ ведомство ақпараты бойынша, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092775-500-km-astam-boget-salyndy-tzhm-atyrau-oblysy-zhaiyq-ozenindegi-zhagdai-turaly-aitty/