Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бос уақытым жоқ": спорт залынан шықпайтын 72 жастағы өскемендік әже күні қалай өтенін айтты

Опубликовано:

Роза Сейілқан
Роза Сейілқан. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqstantv

Жасы жетпістен асқан өскемендік Роза Самарқанқызы күн сайын таңғы жаттығу жасап, 6-7 шақырым жаяу жүреді. Бұған қоса аптасына үш рет жүгіру алаңы мен спорт залға барады. Сондай-ақ қаладағы ардагерлерге арналған орталықта ән салып, би билейді, деп хабарлайды "Qazaqstan" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Роза Самарқанқызының әр күні таңғы жаттығудан басталатынын айтады.

"Таңертең ерте тұрамын, 45 минуттай жаттығу жасаймын. Үйдің шаруасын істеп, тамақ пісіріп қойып, бос жүремін. Ешкім маған кедергі болмайды. Балаларым болсын, жолдасым болсын "Денсаулығың жақсы болса болды, бара бер. Сіздің гүл-гүл жайнап жүргеніңіз бізге жақсы" дейді. Балаларым мақтанады", - дейді спортшы апа.

Ардагерлерге арналған орталықта егде тартқан жандарды шынықтыруға арналған бағдарлама бар. Кәсіби жаттықтырушылар зейнеткерлерді спортқа баулиды.

"Біздің мақсатымыз – егде жастағы жандарды спортқа баулып, денсаулығын жақсарту. Жаттығулар күн сайын өткізіледі. Бірақ көбі аптасына үш рет қана келеді. Жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы қалалық, облыстық және республикалық чемпионаттарда өнер көрсетеміз. Роза Самарқанқызы осында келгелі бері қола және күміс жүлде иегері болып үлгерді", - дейді ардагер спортшы, жаттықтырушы Иван Марков.

Роза Самарқанқызы спортпен шұғылдану арқылы кәрілікпен келетін көптеген аурудан арылғанын айтады, оған қоса тыныс алу, есте сақтау қабілеттері жақсара түскен.

"Бір жұма бойы бос уақытым жоқ. Дүйсенбіден жексенбіге дейін бос емеспін. Мәдениет үйінде бес күн спортпен айналысамын, жексенбі күні биге келеміз. Би билеп, ән шырқаймыз", - дейді салауатты өмір салтын ұстанушы Роза апа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092853-bos-uaqytym-zhoq-sport-zalynan-shyqpaityn-72-zhastagy-oskemendik-azhe-kuni-qalai-otenin-aitty-video/

pixel