jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда қозғалыстың қарсы бағытымен жүрген жүргізушілердің әрекеті видеоға түсіп қалды

Айыптұраққа қойылған көлік
Айыптұраққа қойылған көлік. Видеодан кадр: instagram.com/up_aktau_polisia

Ақтауда екі көлік жүргізуші жол жүру ережесін бұзып, жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардың көліктері айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды Ақтау полиция басқармасы Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі 112_aktau парақшасында Ақтау көшелерінде екі көліктің жарысып келе жатқаны түсірілген видео жарияланды. Видеодан көлік жүргізушілері жоғары жылдамдықта қарама-қарсы бағыттағы жолда келе жатқанын көруге болады. Сондай-ақ көлік жүргізушілердің бірі бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен.

Видеоны көліктердің бірінде отырған жолаушы түсіріп алған. Видеода бойжеткен үрейленіп, айғайлағанын естуге болады.

Ақтау полиция басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшылары заң бұзушылық жасаған көлік иелерін анықтады.

"Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексің 230, 593, 599-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Toyota Camry мен Mercedes көліктері айып тұрағына қойылды.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Ақтауда қозғалыстың қарсы бағытымен жүрген жүргізушілердің әрекеті видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.