Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңілдікпен – 26 590 теңге": қазақстандықтар Тоқаевтың кроссовкасына қызығушылық танытты (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев сенбілікте
Қасым-Жомарт Тоқаев сенбілікте. Фото: t.me/aqorda_resmi

Желіде қазақстандықтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астанадағы сенбілікке киіп шыққан кроссовкасын қызу талқылап жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Президенттің сенбілікке киіп шыққан аяқ киімі қолжетімді бренд өнімі болып шықты.

"Менің жүгіруге киетін аяқ киімім сәл қымбатырақ", - деп жазды Facebook қолданушысы. "Бірақ бір реттік аяқ киім шығар", - деп жазған кейбір желі қолданушылары. Енді біреулер президенттің қарапайымдылығын атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев сенбілікте
Қасым-Жомарт Тоқаев сенбілікте. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бұл кроссовканың бағасын білуді жөн көрдік.

Интернет-дүкендердің бірінде мұндай модельдің бағасы 37 990 теңге тұрады. Қазір жеңілдікпен 26 590 теңгеге сатып алуға болады, делінген.

Кроссовка
Кроссовка. Скриншот: intertop.kz

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында елорданың Ұлытау аллеясында өткен қалалық сенбілікке және ағаш отырғызуға қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092943-zhengildikpen-26-590-tengge-qazaqstandyqtar-toqaevtyng-krossovkasyna-qyzygushylyq-tanytty-foto/