Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда некрофил деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда некрофилияға әуестігі бар деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда некрофилиямен айналысады деген күдікпен мәйітхана күзетшісі ұсталды деген ақпарат журналист Михаил Козачковтың Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Дереккөз ақпаратына сүйенсек, ер адам телефонын ломбардқа өткізуге келгенде әшкереленген. Ломард қызметкері телефонның шынымен де сол адамға тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашып көрсетуді сұраған.

Жазба авторының мәлімдеуінше, галереяда 18+ контент анықталған. Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам табылып, ұсталды.

"Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092949-almatyda-nekrofil-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/