Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар енді Яндекс іздеуге ана тілінде дауыстық сұрау сала алады

Опубликовано:

Яндекс Іздеу
Сурет: Яндекс Казахстан

Яндекс Іздеу қазақ тіліндегі дауыстық сұрауларды түсіне бастады. Енді қолданушылар сұрақтарды дауыспен орыс тілінде ғана емес, өз ана тілінде де қоя алады. Жаңа мүмкіндік Яндекс Веб шолғыш және Яндекс Алисамен бірге мобильді қолданбаларында қолжетімді.

Наурыз айында 12 млн астам қазақстандық Яндекс Іздеуді қолданды, оның 4,5 млн – мобильді қолданба арқылы. Смартфонда дауыспен сұрақтар қою, мәтін теруден гөрі ыңғайлы. Қарым-қатынас тілін алдын ала таңдаудың қажеті жоқ. Яндекс адам тіпті орыс және қазақ тілдерін араластырып айтса да түсінеді – мысалы, "Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қай жерде орналасқан?". Дауыстық сұрақ қою үшін, қолданбаның іздеу жолағындағы микрофон белгішесін басу керек.

Қазақ тіліндегі сұрау салулар бойынша қолданушылар ұлттық тілдегі құжаттарды ғана емес, сонымен қатар қазақ тіліне нейрожелілік аудармадағы ағылшын және орыс тіліндегі материалдарды да көреді. Нейроаударманы енгізу арқылы іздеуде қазақ тіліндегі пайдалы материалдардың саны 15 миллионнан асып түсті.

Яндекс Іздеу
Сурет: Яндекс Казахстан

"Біз қазақ тіліндегі іздеу өнімдерін жоспарлы түрде жасаймыз: бұл қолданушылар үшін ыңғайлы және ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Қазақ тілінде дауыстық сұрауларды тану – бұл бағыттағы тағы бір қадам", - дейді Қазақстандағы Іздеудің аға менеджері Алмаз Сәденов.

Дауыстық сұрауларды тану үшін Яндекс Қазақстан қазақ тілі үшін бейімделген SpeechKit технологиясын қолданады. Дауыстық сұрау мәтінге аударылады, содан кейін іздеуге жіберіледі. Нәтижесінде қолданушы сұрақты қолмен жазғандай жауап алады.

Яндекс Қазақстан – машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092976-qazaqstandyqtar-endi-iandeks-izdeuge-ana-tilinde-dauystyq-surau-sala-alady/

pixel