Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасты: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін, 29 сәуірде Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысында жарыссөз басталады. Сот тергеуі өткен аптада аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот залынан тікелей онлайн-трансляция Жоғарғы соттың YouTube-тегі ресми арнасында көрсетіледі. Сот отырысы сағат 14:30-да басталады.

Жарыссөз бүгін сағат 10:00-де басталады деп жоспарланған болатын, бірақ процесс бірнеше минутқа ғана созылды. Айдауыл айыпталушыларды сот залына әкеліп үлгермеді.

"Айдауыл қызметінде мәселе туындап, айыпталушылар сағат 11:00-ден кейін жеткізілетін болды. Олар сот залына келем дегенше, сағат 12:00 болады. Сондықтан сот отырысы 14:30-да жалғасады", - деді судья Айжан Құлбаева.

Судья 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады. Жарыссөз 29-30 сәуірде, сондай-ақ 2-3 мамырда өтетіні айтылды. Пікірталас 4 мамырда да жалғасуы мүмкін, деді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092994-quandyq-bishimbaevqa-qatysty-sot-otyrysy-zhalgasty-onlain-transliatsiia/