Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот отырысы үш күнге шегерілді

Опубликовано:

Бақытжан Байжанов
Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот отырысы 2 мамырға дейін шегерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы өтті. Алайда ол 2 мамырға сағат 10:00-ге шегерілді.

Судья Байжановқа тағылған айыпты қайта қарау мақсатында сот отырысын кейінге шегеру шешімін қабылдады.

Қорғаушы тарап судьяның шешіміне қарсылық білдірмейтінін айтты, бірақ жаңа айыптау актісімен танысу үшін соттан 2-3 күн уақыт беруін сұрады, өйткені прокуратура бір бап бойынша айыпты жай ғана алып тастаған жоқ, оны басқаша тұжырымдап отыр.

"Қарсылығымыз жоқ, бірақ жаңа уәждер пайда болғандықтан, бізге уақыт керек. Біз бұл тағылған айыптау актісінің жазбаша нұсқасын алып, клиентіммен ақылдасуымыз керек. Сізден 2-3 күн уақыт беруіңізді сұраймыз", - деді Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев.

Судья айыптау актісін рәсімдеу кезінде сот отырысы сот актісі рәсімделген күннен бастап үш күннен ерте бастала алмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093045-bishimbaev-pen-baizhanovqa-qatysty-sot-otyrysy-ush-kunge-shegerildi/