Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пышақпен қорқытып, зорлаған: Алматыда бар күзетшісіне қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Атышулы "Ұлжан ісі" бойынша сот отырысы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында жабық режимде өтті. Алматы тұрғыны оқиға туралы полицияға 2023 жылдың тамыз айында арызданған болатын. Іске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматы соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қыз Назарбаев даңғылы бойындағы бардан шығып бара жатқанда, оған ер адам келіп, өзін мекеменің күзетшісімін деп таныстырған. Осыдан кейін ол үйіне алып кетуді ұсынған. Оның теріс пиғылын білмеген Ұлжан үйіне дейін жеткізуіне келісім берген. Үй подъезінің маңында бар күзетшісі қызға шабуыл жасап, пышақпен қорқытып, зорлаған.

Үкімді жариялау бірнеше рет кейінге шегерілді. Ал бүгін сот үкімі шықты.

Бар күзетшісі бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды. "Зорлау" (Қылмыстық кодекс 120-бап); "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" (Қылмыстық кодекс 121-бап); "Тонау" (Қылмыстық кодекс, 191-бап).

"Сотта 2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П.- мен танысқаны анықталды. Кейін соталушы, жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң, сотталушы жиналмалы пышағын шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерін жасап, содан кейін зорлаған", - делінген сот хабарында.

Ал екінші эпизод бойынша, сотталушы К. өзінің жазасыздығын түсініп, материалдық жағдайын жақсарту мақсатында тағы бір қылмыстық іс жасауға ниеттенгенін анықталған.

"2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К., қаланың түнгі клубтарының біріне келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін, жәбірленушіге жақындап, бетіне соққы беріп, содан кейін, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші, сотталушының физикалық артықшылығын түсініп, қалтасынан ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын шығарады.

Ақшаны алған соң, сотталушы жәбірленушіден ұялы телефонының және мобильді қосымшасының кодын хабарлауын сұрайды, содан кейін, 10.000 теңге көлеміндегі сумманы онлайн өзіне аударып, жәбірленушіге ұялы телефонын қайтарады, содан кейін белгісіз бағытқа кетеді", - делінген сот хабарында.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот мәліметінше, айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093075-pyshaqpen-qorqytyp-zorlagan-almatyda-bar-kuzetshisine-sot-ukimi-shyqty/

pixel