jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Үсік жүріп, бұршақ жауады: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

қолшатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болмақ, түнгі уақыттарда қар аралас жаңбыр болуы, найзағай ұруы ықтимал. Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деген болжам бар.

"Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градусқа дейін үсік жүреді. Ал күндіз ауа температурасы 5-13 градус жылы болмақ.

Сондай-ақ суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды. Осылайша ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсік болмақ, ал күндіз 15-25 градус жылы болады", - дейді синоптиктер.

Үсік жүріп, бұршақ жауады: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.