Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мына есепті көріп, осы елде тұрғың келіп кетеді": депутат елдегі өнеркәсіп саласын сынға алды

Опубликовано:

Бақытжан Базарбек
Бақытжан Базарбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

29 сәуірде өткен үкімет сағатында депутат Бақытжан Базарбек Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа баяндамада нақты ештеңе көрсетілмегенін, бұл саланың құлдырап тұрғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжілістің Youtube-тегі көрсетіліміне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қандай инвесторлар шақырылды? Ұлттық экономикаға ақша салғандар бар ма? Бұдан халыққа қандай пайда? Қанша жұмыс орнын құрдыңыздар?

Слайдты қарадым, 400 бетте қанша жұмыс орны құрылатыны туралы ғана жазылған. Не үшін өнеркәсіп салынады? Ештеңе айтылмаған", - деді Бақытжан Базарбек

Депутатат министрлік өкілдері мәжілісте не үшін сөйлеп тұрғанын, нақты ештеңе айтары жоқ деп сынға алды.

"Біздің өнеркәсіптің бағыты қандай? Инвестор дегеннің кім екенін де білмей қалдым. Жалқауланбаған адамның бәрі төмен пайызбен несие алады, қандай пайда келіп жатыр. Бұл – инвестор емес. Инвестор өз ақшасын салуы керек, қаржы институттарынан алмауы керек. Осыларды инвестор деп көрсеткенсіздер", - дейді ол.

Бақытжан Базарбек ауыл шаруашылығы министрлігінің де жағдайы да мәз емес екенін айтты.

"Мына есепті көріп, осы елде тұрғың келіп кетеді. Бірақ шын мәнінде халықтың жағдай нашар. Талапқа сай салынбаған 7 зауыт жабылудың аз-ақ алдында түр. Елде өнеркәсіп саласы құлдырап тұр", - деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093108-myna-esepti-korip-osy-elde-turgyng-kelip-ketedi-deputat-eldegi-onerkasip-salasyn-synga-aldy/