Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында өрт шыққан пәтерден өлі табылған екі баланың анасы ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Емдеу аппараты
Емдеу аппараты. Көрнекі фото: Pixabay.com

25 сәуірде Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйдің пәтері өртеніп, екі баланың денесі табылған еді. Өртенген пәтерден ауруханасы жеткізілген анасы 26 сәуірде жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлйды "Мой город" басылымы.

Басылым мәліметінше, ұайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 6:00 шамасында Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйде болған. Екінші қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Өртсөндірушілер жатын бөлмеден 10 және 7 жастағы екі баланың денесін шығарды. Балалардың анасы мен 1994 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 сәуірде таңғы сағат 3:30-да балалардың анасы да жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Әйел терісінің 90-95 бөлігін күйік шалған. Дәрігерлер ауруханаға түскенде оның жағдайын ауыр деп бағалаған еді.

Ведомство мәліметінше, ер адам есін жиып, Индер аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер жағдайы орташа ауыр деп хабарлаған.

Еске сала кетсек, 25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында Индер ауданы Индербор кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. Бір отбасының пәтері толықтай өртеніп, екі баланың өмірі қиылды. Үйдегі ересек адамдар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Кейін өрттің арнайы ұйымдастырылғаны анықталды. Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Сонымен қатар жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірленуші әйелдің танысы бейнекамераларға түсіп қалған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр деп хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093192-atyrau-oblysynda-ort-shyqqan-paterden-oli-tabylgan-eki-balanyng-anasy-auruhanada-koz-zhumdy/