Жамбыл облысында 42 ауылды су басуы мүмкін
Жарияланған күні:
Жамбыл облысында толассыз жаңбыр жауып жатқанына бірнеше күн болды. Үш өзенде су тасуынан 42 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.
Егер Шу, Талас және ата өзендеріндегі су деңгейі кенеттен көтерілсе, Жамбыл облысындағы 42 ауылды су басуы мүмкін. Кейінгі бірнеше күн бойында аймақта жаңбыр басылмайды.
Телеарна хабарына сенсек, мамандарды Аса өзеніндегі су деңгейі алаңдатып отыр, жергілікті су қоймасынан су төгіліп жатыр, ол қазірдің өзінде 97 пайызға толған. Жақын ауылдарда жағалаулар нығайтыла бастады. Жағдай бақылауда, дейді құтқарушылар.
"Бүгінгі таңда жеке аула аумақтарын, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Егістіктерді суару басталған кезде елді мекендерді су басу қаупі тиісінше төмендейді", - дейді ТЖ департаменті басқарма бастығының міндетін атқарушы Дархан Жапаров.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093297-zhambyl-oblysynda-42-auyldy-su-basuy-mumkin/