Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Швециядан Қазақстанға есірткі салынған сәлемдеме жеткізілген

Опубликовано:

Есірткі
Есірткі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Астанада "Қазпошта" қызметкерлері ішінде жарты килограмға жуық гашиш бар Швециядан келген сәлемдемені анықтады. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агентігі Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігімен Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

"Қызметкерлердің халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Қазпошта" АҚ-ның Қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Швециядан келген салмағы 479,94 г болатын "гашиш" есірткі заты бар қорапты анықтады", - делінген хабарламада.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093528-shvetsiiadan-qazaqstanga-esirtki-salyngan-salemdeme-zhetkizilgen/