jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Астанада мектеп бухгалтерлері жұмыс істемейтін қызметкерлерге 7 жыл бойы жалақы мен сыйақыны заңсыз аударып келген

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада бюджет қаржысын жымқырған мектеп бухгалтерлері сотталды. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын мөлшері 130 миллион теңгеден асты, деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы ресми сайтында.

Ведомство ақпараты бойынша, прокуратура Астанада тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтаған.

"7 жыл бойы жалған мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден асты. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері кінәларын толық мойындады.

Сот үкімімен сотталушылар 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ келтірілген материалдық шығын мемлекет пайдасына сотталғандардан өндірілген.

Үкім заңды күшіне енді.

Астанада мектеп бухгалтерлері жұмыс істемейтін қызметкерлерге 7 жыл бойы жалақы мен сыйақыны заңсыз аударып келген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.