jitsu gif

Маңғыстау облысында тұратын рутул ұлтының өкілі салт-дәстүр мен қазақ тілін қалай үйренгенін айтты

Виктория Гасангусейнова
Виктория Гасангусейнова. Фото: mangystaumedia.kz

Виктория Гасангусейнова – рутул ұлтының өкілі. Ол Маңғыстау облысының Ақтау қаласында қазақы ортада өскен әрі қазақтың тілін де, салт-дәстүрін де жетік біледі, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.

Виктория Гасангусейнованың қазақ ұлтына деген құрметі айрықша. Ол қазіргі таңда "Басқұдық ауылдық мәдениет үйінде" әдіскер болып қызмет етеді.

Қазақ ауылында өскен Виктория қазақтың жөн-жоралғысы мен дәстүрін бес саусағындай біледі. Ал қазақ тілін бала күнінен біледі.

"Қазақ тілін балабақшада үйрендім. Отбасымда анам да, ағам да қазақ тілін жетік меңгерген. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Себебі біздің халық өте қонақжай.

Ортақ Отанымызда еркін, бірлікте өмір сүріп жатқаныма алғысым шексіз. Біздің күшіміз – бірлікте, - дейді Виктория Гасангусейнова.

Маңғыстау облысында тұратын рутул ұлтының өкілі салт-дәстүр мен қазақ тілін қалай үйренгенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.