Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының тұрғынына туу туралы куәлік 25 жылдан кейін ғана берілген

Жарияланған күні:

Туу туралы куәлік
Туу туралы куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысында тұрғын дүниеге келген кезде белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сондықтан ол 25 жыл бойы құжатсыз жүрген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Талас аудандық сотына аудан прокуроры азаматтың туу фактісін анықтауды сұраған.

"Арыздануға азаматтың бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру салдарынан қылмыстық іс қозғалғаны, ал оның туу туралы акт жазбасы мен жеке басын анықтайтын құжаттары болмағаны негіз болған.

Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігінің Кубодин ауданы бойынша азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің сұратуға берген жауабынан, оның туу туралы жазбасы жасалмағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сотта куәгерлер оның туған ағасы екенін растап, ол Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Қазақстан облысы Шардара ауданы Бірлік ауылында туылғанын және сонда бірге тұрғандарын айтқан. Алайда әкелері қайтыс болған соң, олар аналарымен бірге Тәжікстан Республикасына кетіп қалғанын, ал ағалары Н. құжаттары болмағандықтан, Қазақстанда қалып кеткенін айтып көрсеткен.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" туралы кодексінің 187-бабының 1-бөлігіне сәйкес, баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болады.

Ер адамның құжаттарды басқа жолмен алуға мүмкіндігі болмаған, себебі ол медициналық ұйымнан тыс жерде туылғандықтан, оның туылған фактісі тиісті тәртіппен тіркелмеген, медициналық ұйыммен белгіленген үлгідегі туу туралы анықтама берілмеген. Тууды тіркеу фактісін анықтау азаматқа жеке басын анықтайтын құжаттарды алу үшін қажет", - деп жазылған облыстық сот хабарында.

Сот процесі барысында анықталған істің нақты мән-жайларын назарға алып, қойылған талапты қанағаттандыру туралы тұжырымға келді.

Талас аудандық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, шешім заңды күшіне еніп, оның негізінде, ер адамның туу туралы акт жазбасы жазылып, оған туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093876-zhambyl-oblysynyng-turgynyna-tuu-turaly-kualik-25-zhyldan-keiin-gana-berilgen/