Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов Қазақстандағы көлік салығына қатысты өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында көлік салығын өзгерту жоспары қарастырылып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкімет басшысы жауапта көлік иелері көліктердің қызмет ету мерзімі мен құнына байланысты бірнеше жылдан бері жеңіл көліктерге салық салуды қайта қарау мәселесін айтылып жүргенін атап өтті.

Бектенов автокөліктің шығарылған жылына байланысты салық салудың сараланған тәсілі ұсынылатынын айтты.

"Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары бойынша төмендету коэффициенттерін белгілеу ұсынылады: шығарылған жылы 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер үшін, 0,7; – шығарылғанына 20 жылдан астам автомобильдер үшін – 0,5;

Премьер-министрдің айтуынша, қазір бұл мәселе пысықталып жатыр.

"Ұсынылған тәсілдер бойынша түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін олар жаңа Салық кодексінің жобасына енеді", - деді Бектенов жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093879-bektenov-qazaqstandagy-kolik-salygyna-qatysty-ozgeris-boluy-mumkin-ekenin-aitty/