Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы кәсіпкерлер 30-ға жуық жаңа студенттік жатақхана ашады

Опубликовано:

Салынып жатқан жатақхана
Салынып жатқан жатақхана. Фото: "Қаржы орталығы" АҚ

Студенттер үшін уақытша тұрғын үй салуға мүдделі отандық кәсіпкерлер санының өсуі мемлекет іске асыратын кәсіпкерлердің шығындарын өтеу жөніндегі тетікпен тікелей байланысты.

Жыл сайын мыңдаған студенттер еліміздің барлық ірі қалаларына, әсіресе Астана мен Алматы қаласына оқуға келеді. Студенттер санының артуымен оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті бола түсуде. Сондықтан, мемлекет 2018 жылы жеке инвесторлардың жатақхана ғимаратын салу немесе қайта жаңарту кезінде нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін енгізді.

Бұл тетік қалай жұмыс істейді? Жатақхана салу кезінде бір нақты тұрып жатқан студент үшін алты жыл ішінде жылына 195 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік тапсырыс төленеді. Алматы қаласы үшін 230 АЕК өтеледі, бұл төсек-орын тапшылығының жоғары көрсеткішімен байланысты. Ғимарат жатақханаға қайта жаңартылған жағдайда кәсіпкерге 47 АЕК, Астана және Алматы қалалары үшін – 92 АЕК өтеледі.

Жатақхана
Жатақхана. Фото: "Қаржы орталығы" АҚ

Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың негізгі талабы - ғимараттың нысаналы мақсаты "жатақхана" болуы керек және 20 жыл ішінде өзгермеуі керек. Бұл салынған жатақханалардың студенттерді орналастыру үшін пайдаланылуын қамтамасыз етеді, бұл – бағдарламаның негізгі мақсаты.

Инвесторлар үшін басты артықшылықтардың бірі – мемлекеттік төлемдер аяқталғаннан кейін ғимарат кәсіпкердің меншігінде қалады. Сонымен қатар, меншік иесі студенттердің жалдау ақысының мөлшерін өзі белгілейді. Ғимаратта қосымша табыс көзіне айналатын коммерциялық кеңістіктерге де рұқсат етіледі.

Осылайша, жеке инвесторларды тарта отырып, студенттік жатақханалар салу бағдарламасы Қазақстанда студенттер үшін орын тапшылығы мәселесін шешудегі маңызды қадам болып табылады. Ол мемлекет пен бизнеске студенттерді қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жемісті ынтымақтасуға, сондай-ақ экономика мен бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Салынып жатқан жатақхана
Салынып жатқан жатақхана. Фото: "Қаржы орталығы" АҚ

Айта кету керек, 2018-2023 жылдар аралығында 50 мыңға жуық төсек-орын пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда нысаналы мемлекеттік тапсырыс 93 жеке инвесторда сәтті орналастырылды. Елдегі қажеттілікті ескере отырып, кәсіпкерлерді осы тетікке қатысуға шақырамыз.

Жатақхана
Жатақхана. Фото: "Қаржы орталығы" АҚ

Қатысу шарттары мен мемлекет беретін шығыстардын өтеу мөлшерін бағдарлама операторы болып табылатын "Қаржы орталығы" АҚ-да білуге болады. Өзекті ақпаратты 8-800-080-28-28 немесе 8-7172-695-127 нөмірлері бойынша алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093906-2024-zhyly-kasipkerler-30-ga-zhuyq-zhanga-studenttik-zhataqhana-ashady/

pixel