Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да тұрғындарға қасқыр шапқан: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты

Опубликовано:

қасқыр
Қасқыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Быково ауылында ер адамға қасқыр шауып, аяғын тістеп алған. Оқиғаның қалай болғанын көргендер айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Агенттік тілшісінің куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, қасқыр Максим есімді жігітке тап берген. Оқиғаның жай-жапсарын Максимнің туысы, қасқыр шапқанда қасында болған Ирина Вахрушева айтып берді.

"28 сәуірде сағат кешкі сағат 18:00 шамасында болды. Максимнің үйі мен менің үйім бір аулада орналасқан. Қасқыр Максимнің үйін торуылдап жүргенде, ол көріп қалады. Қасқыр аяғынан тістеп үлгереді, ол үйге жалма-жан қашып кіреді. Есікті жапқанда қасқырдың басы қысылып, Максим аман қалды", - дейді Ирина Вахрушева.

Оның сөзінше, түз тағысы үй торуылдағанын қоймаған. Иринаның да үйіне кіріп кеткен.

"Максиммен далада жүр едік, қызымның жан дауысы шықты. Терезені ашып, бізді көмекке шақырды. Қызым далаға шығайын деп есікті ашса, қасқыр ауыз бөлмеге кіріп алыпты. Қарасақ қасқыр үйді айналсоқтап жүр, біз улап-шулап қорқыттық, бірақ ол итімізді өлтіріп кетті", - дейді тұрғын.

Зырян ауданы әкімдігінің мәліметінше, адамға шапқан қасқыр құтырған ба, жоқ па, бұл жағы тексеріліп жатыр.

"Адамға шапқан қасқыр тез арада табылып, өлтірілді. Бұл құтырған қасқыр ма, жоқ па, тексеріліп жатыр. 26 ірі қара мал, 35 ұсақ мал, 15 жылқы, тіпті екі ит пен 4 мысық, яғни үй жануарларының денесінде қасқыр тісінің ізі бар ма, жоқ па тексерілді, ешқайсысы жарақат алмаған. Ал қасқыр талаған малға вакцияна салынып, қазіргі күні бақылауда. Сондай-ақ түз тағысы жаралаған үш ит өлтірілді", - дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093921-shqo-da-turgyndarga-qasqyr-shapqan-kuagerler-oqiganyng-man-zhaiyn-aitty/