Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда "КамАЗ" бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Қарағандыдағы жол апаты
Қарағандыдағы жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/dorogi_karagandy/

Қарағандыда "КамАЗ" бен Lada Granta көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты. Жол апатына қатысты өңірлік ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі dorogi_karagandy парақшасында "КамАЗ" бен жеңіл автокөлік ұшыраған жол апатының видеосы тарады.

Кадрлардан тіркемесі бар жүк көлігі асфальт төсеу үшін жол катогын тасымалдап келе жатқанын байқауға болады. Ал жол апаты салдарынан Lada көлігінің сол жағына соққы тиіп, жартылай жаншылып қалған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді.

"29 сәуір күні 14:38-де Арсеньев көшесінің бойында Lada Granta мен "КамАЗ" жүк көлігі ұшыраған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093936-qaragandyda-kamaz-ben-zhengil-kolik-soqtygysyp-bir-adam-qaza-tapty-video/