Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты кездесу өтті

Опубликовано:

Кездесу
Кездесу. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордада Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты кездесу өтті.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты кездесу барысында Сыр жұртшылығын және қатысушыларды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуден көрініс
Кездесуден көрініс. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы мемлекетіміздің стратегиялық мақсаты қоғамдағы бірлік пен татулық екеніне тоқталды.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сесиясында "Тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді» деп атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөліп, жағдайды қалпына келтіруге қолдау көрсетуде.

Мемлекет басшысының бастамасына Сыр жұртшылығы да қолдау білдіріп, су тасқыны болған аймақтарға көмек қолын созды. Республикалық қайырымдылық акциясына облыстың барлық мемлекеттік мекемелерімен қатар, ірі кәсіпорындар мен компаниялар, меценаттар, партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, волонтерлер айрықша үлес қосты.

Қызылорда облысынан еліміздің Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарына 738 адам, 216 арнайы техника жіберіліп, көмек көрсетілуде. Осы ретте, табиғи апат болған өңірлерге жәрдем жасаған барша сырбойылықтарға, халық қалаулыларына, кәсіпкерлерге, төтенше жағдай қызметкерлері мен ерікті жастарға алғысымызды, ерекше ризашылығымызды білдіреміз!" - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесуден көрініс
Кездесуден көрініс. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 мамырдан бастап ел аумағында тасқыннан зардап шеккен өңірлерге практикалық көмек көрсетуге арналған "Береке – бірлікте" жалпы республикалық акциясы жарияланады. Оған аймағымыздағы компаниялар, ұйымдар мен бизнес-құрылымдар "Бір компания – кемінде бір әлеуметтік нысан" қағидасын ұстанып, су басқан аймақтардағы нысандарды қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік челленджге қолдау көрсетпек. Осыған орай, Сыр өңірінен ерікті құрылыс отрядтары, волонтерлер тобы, жастар ұйымдары жолға шығады.

Тасқыннан зардап шеккен ағайынға Сыр өңірінен 200 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі жөнелтіліп, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 100 тоннаға жуық ақ күрішпен қамтамасыз етті. Қала және аудан әкімдіктері ұйымдастырған "Күшіміз – бірлікте" акциясына облыстың жанашыр азаматтары мен волонтерлер үлес қосуда.

Кездесуден көрініс
Кездесуден көрініс. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облысқа Батыс Қазақстан өңірінен уақытша келген 103 оқушы мен 10 жетекшісі "Қамбаш" олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына орналастырылып, 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ал, Атырау облысының 100-ден аса тұрғыны Қызылорда қаласына орналастырылып, тиісті көмек көрсетілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093987-qyzylordada-qazaqstan-halqynyng-birligi-merekesine-orai-birlik-zhasampazdyq-orleu-atty-kezdesu-otti/

pixel