jitsu gif

"Күшейтілген режимге көшеді": Астана әуежайы қауіпсіздікке байланысты мәлімдеме жасады

Астана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимге көшеді. Бұл туралы әуежайдың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жарлығына сәйкес Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимге көшеді.

Осыған орай елорда әуежайының халықаралық (Т1) және ішкі ұшулар (Т2) терминалдарының кіреберісіне (бірінші линиялары) тексеру аппараттары орнатылды.

Астана халықаралық әуежайы арқылы ұшу/ұшып келуді жоспарлаған жолаушылар мен шығарып салушылардан тексерістен өтер кезде әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің талаптарына құлақ асуды және бұлжытпай орындауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Астана әуежайының өкілдері тексерістен өту процедуралары қосымша уақыт қажет ететінін ескерте отырып, рейсті сәтті орындау үшін әуежайға ертерек баруға кеңес береді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.