Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны: 41 мыңнан астам адам үйіне оралды

Жарияланған күні:

Құтқарушылар мен ауыл тұрғындары
Құтқарушылар мен ауыл тұрғындары: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында республикадағы су тасқынына қатысты қазіргі жағдайды баяндады – 41 мыңнан астам қазақстандық үйіне оралды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазір азаматтық қорғау күштері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, белсенділер су тасқынына қарсы жұмыстарды және су алған елдімекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда – Атырау облысы бақылауға алынған.

"Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды", - деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.

Осы сағатта республика бойынша 41 мыңнан астам адам үйіне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

"Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда", - деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094167-qazaqstandagy-su-tasqyny-41-myngnan-astam-adam-uiine-oraldy/