Чапай – Жаңақала – Сайқын бағытындағы жол құрылысы жалғасады
Жарияланған күні:
Облыстық маңызы бар Чапай – Жаңақала – Сайқын 130-191 шақырым, жалпы ұзындығы 61 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы жалғасын табады.
Бүгінгі күнге дейін 13,1 шақырым жолға асфальт жабыны төселді.
Аталған нысанда жұмыстарды жалғастыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 1,4 млрд.теңге қаржы бөлініп, қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы жоспар бойынша 15 шақырым жолға асфальт жабынын төсеу көзделген.
Сонымен қатар, "Чапай – Жаңақала – Сайқын 307-337 шақырым" автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Мердігер ұйым анықталған соң, нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар басталатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094209-chapai-zhangaqala-saiqyn-bagytyndagy-zhol-qurylysy-zhalgasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.